Жасөспірімдерге арналған кітаптар
Кітап оқу – тек уақыт өткізу ғана емес, сонымен қатар тұлғалық қасиеттерді дамытудың маңызды құралы. Жаңадан аяқ басып, қалыптасып келе жатқан жасөспірімдер үшін кітап құндылығы мен оны таңдай білу аса маңызды рөл атқарады, сана қалыптасуына жол ашады. Бұл мақалада біз жасөспірімдер көзқарасын кеңейтуге, шығармашылық ойды дамытуға және үлкен өмір мәселелерін шешуді үйренуге көмектесетін пайдалы кітаптарды ұсынамыз.
1. “Аманат өмір” Эрих Мария
Бұл даналықтың, ақыл-ойдың қазынасы іспеттес туынды. Оқырманды бейжай қалдырмайды, терең ойға жетелейді. Тек өмір жайлы ғана емес, достық, махаббат, өлім туралы да ой салады. Өзімізге аманат етілген өмірде тіршілігімізді жасаймыз, алайда оның орнына не береміз? Жарық дүниенің қайтарымы не...