Сәнді аксессуар: жалпақ ободок
Сәнді аксессуар: жалпақ ободок, сән әлемі Бірақ кейде монарх әйелдердің гардеробындағы киімдер немесе аксессуарлар подиумнан көрініп, трендке айналып кетеді. Сондай аксессуардың бірі — жалпақ ободок.
Әр маусым сайын жаңа тренд келіп, ескісі ұмытылып жатады. Бірақ корольдік отбасылардың өзіндік сән әлемі бар. Корольдік сән өткінші тенденциялардың артынан ермей, классиканы ұстанғанды жөн көреді.
Бірақ кейде монарх әйелдердің гардеробындағы киімдер немесе аксессуарлар подиумнан көрініп, трендке айналып кетеді. Сондай аксессуардың бірі — жалпақ ободок.
Монарх әйелдерге қойылатын талаптың бірі — қандай да бір шараларда қалпақ киіп жүру. Кейт Миддлтон кейде қалпақты жалпақ ободокпен ауыстырады. Мұндай ободок заманауи әрі стильді көрінеді. Кейт Миддлтоннан мұндай ободоктың барқыт, түрлі түсті, гүлі бар немесе өрілген түрлерін байқауға болады.
Әрине, мұндай ободокты тек корольдік отбасы мүшелері емес, 60-шы, 70-шы, 80-шы жылдары сәнқой қыздар да...