Қазақстанда жемқорлардың реестірі пайда болуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс жанындағы қоғамдық палата мүшелері парламентшілермен және сарапшылармен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді талқылады. Отырыс Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның төрағалығымен және Мәжілістің вице-спикері Дәния Еспаеваның қатысуымен өтті. 3 кодекс пен 5 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Негізгі өзгерістердің қатарында сыбайлас жемқорлардың реестрін енгізу және пара беру туралы ұсыныс пен уәде үшін қылмыстық жауапқа тарту қарастырылған.