Әзербайжандағы сайлау: Жақып Асанов ТМД ПАА байқаушылар тобының үйлестірушісі болып тағайындалды
БАКУ. KAZINFORM - Әзербайжан Республикасы Милли Межлисінің (парламентінің) төрағасы Сахиба Гафарованың шақыруымен ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобы Әзербайжандағы кезектен тыс президенттік сайлауды бақылауға қатысып жатыр. Бұл туралы сейсенбіде ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің хатшылығы мәлім етті, деп хабарлайды Trend.