Ақтөбеде арендалық тұрғын үйге кезекте тұрғандарға пәтер кілттері берілді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев пен облысқа келген «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев пен холдингтің еншілес компанияларының бірқатар басшылары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынған «Кең дала» тұрғын кешенінде пәтер кілттерін тапсыру салтанатты рәсіміне қатысты.