Қызылордада әскерге шығарып салу салтанатында сарбаздарға «аманат хат» табысталды (ФОТО)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қармақшы ауданы Жосалы кентінің орталығында орналасқан «Жастар саябағында» жылдағы дәстүр бойынша Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанып бара жатқан болашақ сарбаздарды әскерге шығарып салу салтанаты өтті. Бұл туралы Қармақшы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.