Елбасы Органикалық өнім өндіру туралы заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және органикалық өнім өндірудің құқықтық негіздерін белгілеуге бағытталған «Органикалық өнім өндіру туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.