Биыл спорт саласында 39 жемқорлық әрекеті тіркелді – антикор
АСТАНА. KAZINFORM – Жыл басынан бері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласында 39 жемқорлық қылмысын тіркеген. Бұл туралы агенттік төрағасы А.Жұмағали спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша өткен ведомствоаралық мәжілісте айтты.