Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 14 адам сотталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда былтырдан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойыша 18 қылмыстық іс қозғалып, 14 адам сотталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласы экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Сабырғали Балғалиев айтты.