Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Олимпиадаға 10 лицензия ұтып алды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 лицензия (алты ер және төрт әйел) ұтып алған Қазақстанның ауыр атлетика құрамасы алғаш рет 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына толық құраммен қатысатын болды, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметінен.