Павлодарда заңсыз тартып алынған жайылым халыққа қайтарып берілді
ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Ортақ игілікте пайдаланылып, кейін жеке тұлғаның иелігіне заңсыз өтіп кеткен жайылымның жалпы аумағы — 1,8 мың гектар. Жердің кадастрлық құны шамамен 2,4 млрд теңгеге бағаланып отыр.