Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне көңіл айтты
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Шымкент–Самара» тас жолында болған жол апатынан өзбекстандық сегіз азаматтың қаза табуына байланысты Президент Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.