Ақтөбедегі екі су қоймасының толып кету қаупі сейілді
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысындағы су қоймаларының деңгейі әр екі сағат сайын өлшеніп отыр. Вице-премьер Серік Жұманғарин бүгін таңертең, 2024 жылғы 7 сәуірде, Ақтөбе облысындағы Елек, Қарғалы және Сазды өзендерін жалғайтын үш су қоймасын әуеден бақылады.