Ақтөбеде және Ақтөбе облысындағы 6 ауданда төтенше жағдай жарияланды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе облысы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттық төтенше жағдай 6 ауданда және Ақтөбе қаласында жарияланды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев ОКҚ алаңында мәлімдеді.