Олжас Бектенов батыстағы гидроқұрылыстардың жай-күйін тексерді
ОРАЛ. KAZINFORM - Премьер-Министр, су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысында жүргізіліп жатқан жұмыстың барысын және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шараларын тексерді.