“Ауыл тілі” газеті
«Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» болған «Ауыл тілі» газеті өз заманында өз оқырмандарын ақпарат көзімен сусындатты. «Ауыл тілі» оқырмандарына түсінікті, нағыз қарапайым қазақы тілмен жазылды. Ол тек Қазақстанның ішіндегі ғана емес, бүкіл Кеңес Одағындағы, шетелдердегі болып жатқан жаңалықтармен, өнер-білім жетістіктермен оқырмандарын жан-жақты хабардар етіп отырған.
Сондай-ақ, «Ауыл тілі» газеті сол кезеңдегі барлық басылымдар сияқты оқу, денсаулық, ауылды кеңестендіру, қазақ байларын тәркілеу, индустрияландыру мәселелерін көтерді.
«Ауыл тілі» газетін Жалау Мыңбаев Қазақ өлкелік орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланғаннан кейін, 1926 жылы «Ауыл тілі» газетін Қазақстан өлкелік партия, Кеңес комитеттерінің, Кәсіпшілер одағының, Сырдария губком мен губаткомының атынан шығаруға кірісті. Қиындықтар мен жоқшылыққа...