Танзанияда тырысқақ ауруының өршуі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танзанияда тырысқақ ауруының өршуі он мыңнан астам адамның дертті жұқтыруына себеп болды. 50 адам оның құрбаны болды, делінген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми ақпаратында. Сонымен қатар ДДСҰ сарапшылары тырысқақ ауруының бүкіл әлемге тарауы мүмкін деп қауіптеніп отыр.