Қазақстан мен Өзбекстан ғарыш саласындағы серіктестікті нығайтуға ниетті
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан барлық саладағы байланыстарды нығайтып келеді. Олардың ішінде ғарыш кеңістігін бірлесіп игеру де басым бағыт саналады. Бірнеше жыл бұрын қос мемлекет сала мамандарын оқыту бағдарламасын жүзеге асырса, ендігі кезекте жаңа спутник құрастыру жобаларын талқылап, ақпарат алмасу ісін жоғары деңгейге көтеріп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.