Түркістан облысынан БҚО-ға 200 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Түркістан облысының тұрғындары еліміздің су басқан өңірлеріндегі жағдайға алаңдаушылық танытып, өз көмектерін көрсетіп жатыр. Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасымен өңірде гуманитарлық көмекті үйлестіретін штабтар құрылып, жұмыс істеуде.