Асық ойнын қытайлар галаха, моңғолдар сага деп атайды
АСТАНА. KAZINFORM – Асық ойыны баланы ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке дағдыландырады. Денесін шынықтырады. Аяқ-қол буындарының сау болуына да септік етеді. Бұл ойынды қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік, моңғолдар ойнаған. Ал «Цин» империясы тұсында Қытайдың солтүстік өңірлерінің тұрғындары арасында кең тарағанын білетін бе едіңіз?