Қазақстанда мопед жүргізушілеріне жаңа талаптар қойылады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Жол жүрісі туралы» Заңына жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.