Қазақстан мен Қырғызстан арасында барлық мәселе бойынша түсіністік бар – Ерлан Қарин
АСТАНА. KAZINFORM – Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың еліміздегі ресми сапары аясында қазақ-қырғыз зиялылары мен шығармашылық өкілдерінің форумы өтіп жатыр. Сол форумның жалпы отырысына Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мен Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Суйунбек Касмамбетов қатысты.