Бишімбаевтың соты аяқталуға жақын – судья
АСТАНА. KAZINFORM – Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы келесі апта жалғасатын болды. Судья Аяжан Құлбаева «Сот қашан аяқталады екен?» дегендерге жауап берген сияқты. Ол сот тергеуі шарықтау шегіне жеткенін мәлімдеді.