Батыс Қазақстанда 15 мыңға жуық саяжай учаскесі суға кетті
ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында 14 839 саяжай учаскесін тасқын су басты. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюповтың айтуынша, соның ішінде 14 466-сы – Орал қаласында, 112-сі – Бәйтерек, 245-і – Бөрлі, 16-сы Теректі ауданында орналасқан.