Ұлыбританияда дүкен ұрлығы рекордтық деңгейге өсті
АСТАНА. KAZINFORM – Англия мен Уэльсте дүкендерден ұсақ ұрлық саны рекордтық көрсеткішке жетті – күніне 1200-ге жуық қылмыс жасалған, ал полиция ашқан істердің саны ең төменгі деңгейге дейін қысқарды – тәртіп сақшылары 10 оқиғаның бірін ғана аша алды.