Ұлыбританиядағы босқындар Руандаға жіберілетін болды
ЛОНДОН. KAZINFORM - Ұлыбританияға баспана сұрап ағылатын мигранттар Шығыс-орталық Африкаға ақыры жөнелтілетін болды. 2 жылға созылған заңи және саяси текетірестерден кейін парламент заң жобасын мақұлдады. Босқындар тиелген алғашқы ұшақ жазда Руанданың Кигали қаласына жол тартады. Бірақ жаңа заң Ла-Маншты шағын қайықтарға мініп, кесіп өтетіндер үшін тосқауыл бола ала ма? Kazinform-ның Тұманды Альбиондағы меншікті тілшісі Ғалымжан Қараманұлы мәселені зерттеп көрді.