Өзгенің құжатымен шекара аспақ болған бойжеткен қолға түсті - ҚР ҰҚК
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің шығысындағы қазақстандық-қытайлық шекарада орналасқан «Қорғас» шекара отрядының шекарашылары Қазақстан Республикасының екі азаматын ұстауға мәжбүр болды. Олардың бірі - шекарадан заңсыз түрде қаржы сомасын асыруға әрекеттенсе, екіншісі бөтен төлқұжатты қолдануға тырысты.