Бейбіт Шүменов Кшиштоф Влодарчикпен жекпе-жек өткізуден бас тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейбіт Шүменов Кшиштоф Влодарчикпен жекпе-жектен бас тартты, екеуінің кездесуі Лас-Вегаста 18 желтоқсанда өтуі тиіс болатын. Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін жерлесіміздің бұл кездесуден бас тартуына жаттығу лагерінде алған жарақаты себеп болған, деп жазады Sports.kz.