Көркем сахна
Театр - мәдениет ошағы, танымы кең өнер ордасы екені бәрімізге белгілі. Қыстың ызғарлы ауа-райынан құтылып, көктемнің жайма шуақ кезеңінде тынығатын таптырмас орын. Елімізге белгілі Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры әлемдік және қазақы шығармаларды сахналап келе жатқан руханияты бай, тарихы терең ұжым. Қазақ әдебиетінің дүлдүл өкілі Әзілхан Нұршайықов атамыздың ең танымал шығармаларының бірі "Махаббат, қызық мол жылдар" спектакльі осы театрда көркем сахналанады.