Қосшылықтар су тасқынына қаншалықты дайын
АСТАНА. KAZINFORM – Биыл Қосшы қаласын қардан тазарту және су тасқынының алдын алу жұмыстарына бюджеттен 370 млн теңге қаражат бөлінген. Қосшылықтар қала мәртебесін алғаннан кейін қазынадан үлестірілетін қаражат көлемі артып, сәйкесінше, су тасқынына қарсы шаралар да жүйелі атқарылып жатыр. Kazinform тілшісі Қосшы қаласына барып, су тасқынының алдын алу шараларының барысымен танысып қайтты.