Астрономдар балқыған темір тамшыларынан тұратын бұлты бар планетаны анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландия астанасындағы Эдинбург университетінің астроном-ғалымдары PSO J318.5-22 атты экзопланетаның атмосферасындағы ерекше құбылысты анықтады. Экзопланета жұлдыздардың біріне де байланбағандықтан, ғарыш кеңістігінде еркін қозғалады. Бұл туралы Эдинбург университетінің баспасөз қызметінен хабарлады.