Бәйдібекте «Қамқорлық» жобасы бойынша 50 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілуде
БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат – Түркістан облысында қолға алынған «Қамқорлық» жобасы Бәйдібек ауданында жүзеге асуда. Қазіргі таңда аталған жоба аясында 50 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.