Қазақстан Қытайда қалған жүздеген азаматын эвакуациялайды
10 және 12 ақпанда Қазақстан Қытайдағы азаматтарын эвакуациялау үшін Air Astana әуе компаниясының екі ұшағын Пекинге жібермек. Бұл рейстермен Пекинге Қытайдың 47 азаматы және Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің жүгі аттанады. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады. СІМ хабарлауынша, қазір Қытайда Қазақстанның 719 азаматы жүр. Олардың 391-і биліктен көмек сұраған. Министрлік "бұл - қазақстандықтарды коронавирустар қорғау шарасы" деп мәлімдеді. Қытайға аттанған рейстерде қазақстандық дәрігерлер де болады. Читать дальше...