Молданың сауалы, Мықының жауабы
Ертеде Қотыр қожа деген молда дін, шариғат жайын сылқытып соғатын молда болыпты. Жаздың бір күнінде Қотыр қожаны ауылдасы қонаққа шақырыпты. Адамдар көп жиналған екен. Молда төр алдында отырып алып, «өтірікті шындай, шынды Құдай ұрғандай» қылып әңгімесін соға беріпті.