Гонконгтегі наразылыққа қатысқан тұрғын сотталды
Гонконг соты билікке қарсы наразылыққа қатысқан тұрғынды төрт жыл түрмеге қамады. Ол жаппай наразылыққа қатысты деп айыпталды. Прокуратура оған алты жыл сұраған. 21 жастағы Син Ка-Хо былтыр 12 маусымда полициямен қақтығысқа қатысқан. Сотта ол өз кінәсін мойындағаны хабарланды. Ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, бұл – жаппай наразылық бабы бойынша алғаш шыққан үкім және елдегі наразылықтан кейін шыққан ең қатал шешім. Әдетте бұл елде белсенділерді «заңсыз жиынға қатысты» деген «жұмсақ» баппен жазалайтын. Читать дальше...