Сенаторлар Асхат Нұсқабайдың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің және Сенат депутаттарының атынан ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Бас хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентінің уәкілетті өкілі Асхат Нұсқабайдың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.