Дипломат Асхат Нұсқабай дүниеден озды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі Бас Хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілетті өкілі Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабайдың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты жақындары мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып көңіл айтты.