Грузиядағы муниципалды сайлауда «Грузинская мечта» партиясы көш бастап тұр
ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат – «Грузинская мечта» билеуші партиясы муниципалды сайлауда 48,56% дауыспен көш бастап келеді. Бұл – Грузияның Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) сайлау учаскелерінің 38,63% сайлау бюллетендерін өңдеуден кейінгі мәліметтері, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Новости-Грузия» ақпарат порталына сілтеме жасап.