«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Алтын қор» сайтын іске қосты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Алтын қор» сайтын іске қосты. Сайтта қазақтың ардақты перзенттерінің видеосы мен даусы, ұлтқа қызмет жолындағы көрнекті істері туралы құнды деректер топтастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.