Қазақ Совет драматургиясы
Жер жүзін қалтыратқан екінші дүние жүзілік соғыс елдің елдік қабілетін ғана емес, екі ұдай екі түрлі системасын да сынап берді. Сол сыннан сүрінбей өткен СССР бүгін тарихтың тың биік бір тұрғысына шығып тұр. Осы тұрғыдан бұрын көп дегеніміз аз, биік дегеніміз аласа көрінеді. Осы тұрғыдан көшпелі дүниенің аяқ алысын абайлап, партиямыз жаңадан алып жоспар жасады.