Президент шетел инвесторлары кеңесінің отырысында қандай мәселелерді көтерді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Президенттің төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші пленарлық отырысы өтті. Жиынға ірі трансұлттық компаниялардың, мемлекеттік органдардың басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Ақорда.