«Бурабай» ұлттық паркі мен Марқакөл қорығы ЮНЕСКО-ның жаһандық желісіне қосылды
ПАРИЖ. ҚазАқпарат – «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының жаһандық желісіне қосылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.