Астананың жекеменшік балабақшаларына қосымша 8 мың орынға мемлекеттік тапсырыс беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Астанада жекеменшік балабақшаларға 8 мың орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылады. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.