СІМ: Түркияда жоғалып кеткен Қазақстан азаматы табылды. Тағы екі адам іздестіріліп жатыр
Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Қазақстан азаматы Сабина Мамадиярова түріктің Хатай провинциясы Антакья қаласында табылды. Бұл жөнінде Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады. Министрліктің мәліметінше, Түркияда жер сілкінісі кезінде Қазақстанның үш азаматы жоғалып кеткен. Екі адам әлі іздестіріліп жатыр. Түркияның ішкі істер министрлігі Антакья қаласына құтқарушылар тобын жіберген. "Әзірше Сәбина Мамадиярова мен оның түрік досы Құбылай Кескін табылды. Читать дальше...