Бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат – 12 қыркүйек күні терең, белсенді циклон мен онымен байланысты фронталды бөліктер елдің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай тудырады. Елдің орталығында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Барлық өңірде екпінді жел тұрады, солтүстікте, солтүстік-батыста – тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.