«Ақжайық» футбол клубы тұйықтан неліктен шыға алмай келеді
«Ақжайық» футбол клубының өткен жылы премьер-лигадан шығып қалғаны белгілі. Биылғы маусымда батысқазақстандық команда бірінші лигада төртінші орынға табан тіреді. Сөйтіп, премьер-лигаға орала алмады. Мұның себептері қандай? «Ақжайық» клубының алдағы маусымдағы аяқ алысы қалай болмақ? Өңірде футболды дамытуға қаншалықты көңіл бөлінуде? Міне, осы сауалдар төңірегінде Kazinform тілшісі тараптардың пікірін тыңдап көрді.