Ақтөбеде екі адам қаза тапқан төбелес бойынша үкім шықты
Ақтөбеде түнгі клубтағы адам өліміне қатысты он алты адамға үкім оқылды. Ең ауыр жазаны екі адам арқалады: сот оларды 17 және 15 жылға соттады. Сотталғандардың бәрі — түнгі клуб күзетшілері мен қызметкерлері. Олардың жақындары сот залында үкімге наразылық білдірді.