Күшіміз – бірлікте: Атыраудан 8 тонна азық-түлік, өзге де заттар Ақтөбе облысына жіберілді
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының тұрғындары үш күнде 8 тонна азық-түлік, киім мен дәрі-дәрмек жинады. Бүгін гуманитарлық көмек заттары су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысына жөнелтілді.