Ақтау мен Мұнайлы жолдарына «Сергек» бейнебақылау жүйесі орнатыла бастады
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың жол және қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында «Сергек» зияткерлік бейнебақылау жүйесі орнатылады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.