Қазақстандағы кейбір мектептерге академиялық еркіндік берілуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрлігі пилоттық режимде Ұлттық білім академиясының міндетті қолдауына жататын қажетті ресурстары мен әлеуеті бар мектептерге академиялық еркіндік беруге мүмкіндік беретін бұйрық жобасын әзірледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында жазды.